Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыстық білім беру басқармасы мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының арасында Салалық келісімге қол қойылды

2018 жылғы 1 ақпанда Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дәнислам Болатханұлы және «Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Г.Ә. Наурызбаеваның қатысуымен Салалық келісімге қол қою рәсімі өтті.
Салалық келісімнің міндеттері ретінде 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі негізгі бағыттары, еңбек қатынастары саласындағы салалық қызметтің тұрақтылығы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбекақы қамтылған.
Өткен Салалық келісімді жүзеге асырудың нәтижесі бойынша әлеуметтік әріптестер тарапынан білім беру жүйесінің биліктің түрлі деңгейіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін қарастыруды ынталандырған болатын.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үштарапты комиссияның, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Білім беру» бағыты бойынша аймақтық комиссияның отырыстарында келесі мәселелер қарастырылды:
- коммуналдық төлемдер және тұрғын үйлерін жылытуға отын сатып алу мақсатында бір мәрте өтемақыны ақшалай төлеу;
- біліктіліктерін арттыруға барған педагогтардың іссапар шығындарын төлеу;
- білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз жұмыс жасау жағдайларын қамтамасыз ету, мәселен, 2017 жылы мектептердің 44 қазандығының 25-і ғимараттан тыс жерге орналастырды.
Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар еңбек дауларын болдырмаудың алды алу шараларын көздейді.
Кейінгі Салалық келісімнің жүйесі өткен Келісімге қарағанда көптеген басымдықтарға ие болып отыр:
- барлық сала қызметкерлеріне еңбектің бірыңғай жағдайы жасалды;
- бюджет қорының заңсыз, дәйексіз жұмсалу жағдайын бақылау қолға алынды;
-салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың талаптарын орындалуын бақылау.
Облысымызда білім беру басқармасы мен Қоғамдық бірлестіктің арасында Салалық келісім, 13 қалалық және аудандық аймақтық келісімдер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарда 630 ұжымдық шарттар жасалып, жұмыс жасайды.
Бүгінгі таңда Салалық келісім, ұжымдық шарттар білім беру қызметкерлерінің құқықтарын және мүдделерін қорғаудың өзегі болып табылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер