Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2018 жылғы 15 ақпанда 1 ауысымда 1-11 сыныптарында сабақтар өткізіледі: температура минус 25 градус, жел 2 м/с


 

Облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасы туралы

 

Облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасы шеңберінде 2018 жылғы 23-27 ақпан аралығында олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңдері өтеді.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары – Павлодар облысы білім беру басқармасы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы.
Іс-шараның мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды қолдау және көтермелеу.
Аудандық (қалалық), облыстық олимпиада бір турда өтеді, келесі пәндер бойынша қазақ, орыс тілдерінде теориялық және тәжірибелік тапсырмалар орындалады: мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі - қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі - қазақ тілі, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі - орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі - орыс тілі, тарих, география, ағылшын және неміс тілдері, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі - бастауыш сыныптар, орыс тілінде оқытатын мектептердегі - бастауыш сыныптар; математика, физика, химия, биология, информатика пәндері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары 2018 жылғы 28 наурызда өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

 

 

temp rus

 

ҰБТ-ның жаңа форматы