Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Жас шеберлердің шахматтан қалалық турнирі

   Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ-да 2017 жылғы ақпанның 3 - 4 күні шахматтан «Белая ладья» атты командалар біріншілігі жүргізілді. 1 - 4 сыныптардың 120-дан астам оқушылары және № 24, 27, 31, 34, 35, 2, 4, қаланың Кенжекөл ЖОМ-ның 5 - 7 сыныптары команда құрамында қатысты.
1-ші іріктеу турниріне 78 оқушы құрамында қаланың № 24, 27, 31, 34, 35 ЖОМ-ның 1 - 7 сыныптары қатысты. Іріктеудің шартына байланысты жартылай финалға тек I, II, III орын алған командалар ғана қатыса алады. Қызу жарыста шарықтау мәреге № 24 ЖОМ (I орын), № 41 ЖОМ (II орын), № 27 ЖОМ (III орын) командалары шықты.
Екінші күннің жартылай финал турниріне құрамында 50 оқушысы бар № 41, 24, 27, 2, 4, Кенжекөл ЖОМ командалары қатысты. Жартылай финал ойынның шарты бойынша мәреге тек I, II орын алған командалар ғана шығады. Турнирдің қорытындысы бойынша I орынды 24 мектептің, II орынды - № 41 ЖОМ-ның командалары игерді.
Шарықтау мәресі ақпанның 10 күні Павлодар қаласының № 27 ЖОМ-да болады. Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің кубогі және мадақтамаларымен марапатталады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер