Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Майқайың кентінде “Нұрбөбек” балабақшасының ашылуы

IMG 1568

   2018 жылғы 5 ақпанда Баянауыл ауданы Майқайың кентінде 110-орындық «Нұрбөбек» балабақшасы ашылуы өтті.  Балабақша ашылуына Павлодар облысының әкімінің орынбасары Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов қатысты. Бас мердігер “Б-АДК” ЖШС болып табылады (директор Е. К.Абенов).
   1-ден 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін балабақшада жағдай жасалған. Топтық және ұйықтау бөлмелері балалар жиһазы, ойын зоналары, буфет бөлмелерімен жарақтанған, педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін техникалық оқыту құралдары, балалардың денсаулығын жақсарту үшін ойын және спорттық құралдар бар (интербелсенді тақта, компьютерлер, караоке қосылған музыкалық орталық, теледидар).
   Майқайың кентіндегі «Нұрбөбек» жаңа балабақшаның ашылуы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту - 100%-ға ұлғайып, 51 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді.

IMG 1517

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер