Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Жас дарындылардың зияткерлік сайысы

080202018-9      2018 жылғы 31 қаңтарда № 2 ЖОМ «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Жарқын болашақ»  республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - дарынды балалармен жұмыс жасау сапасын жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, шығармашылық қабілеті және терең білімді дарынды балаларды мадақтау.   Павлодар қаласы жалпы білім беру мектептерінің  7-10 сыныптарының 103 оқушысы қатысты.
Конкурс 5 номинация бойынша өтті.
  «Жас ғалымдар» номинациясында оқушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті және тарихи мәселелерін ашатын ғылыми жобаларды ұсынды. Номинацияда 1-орын иегерлері №  18  мектеп оқушысы Суженова Камила
(оқытылуы орыс тілінде), Тоқтарова Диляра № 17 ЖОМ 9-сынып оқушысы (оқытылуы мемлекеттік тілде).
«Тiлшi-әдебиетшiлер» номинациясында қатысушылар әдебиет және тіл бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, қазақ және орыс тілінен білімдерін көрсетті. Номинацияда 1-орын иегері Кенжекөл мектебінің 8-сынып оқушысы Әлгужинова Альмира (оқытылуы мемлекеттік тілде), № 18 ЖОМ 10-сынып  оқушысы Батрачина Аделия (оқытылуы орыс тілінде).
  «Сөз шеберлерi» номинациясында оқушылар әдебиет сөзіне үлкен қызығушылық таныттыі, шығармашылық мүмкіншіліктерін ашты, тыңдаушыларға қазақ және орыс тілінің көркемдігін жеткізе алды. Номинацияда 1-орын иегері №  25  ЖОМ 9-сынып  оқушысы Түсүпбекова Дамира (оқытылуы мемлекеттік тілде), №18 мектеп 9-сынып оқушысы Айтжанова Дариға(оқытылуы орыс тілінде).
«Әншi-бұлбұлдар» номинациясында  қатысушылар қазақ халық өлеңдерін және қазақ композиторларының шығармасын ұсынды. Номинацияда  I орын иегерлері № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы  Амангелді Диана (оқытылуы мемлекеттік тілде), № 9 ЖОМ 7-сынып  оқушысы Козолуп Алиса (оқытылуы орыс тілінде).
   «Жазушылар» номинациясы бойынша қатысушылар эссе арқылы өз ойларын жазбаша жазды және өздігінен шығармашылық ойлау дағдыларын көрсетті. I орын иегерлері № 34 ЖОМ 8-сынып оқушысы Тайчик Алиша (оқытылуы орыс тілінде), Кенжекөл орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Құмарсерік Шернияз (оқытылуы мемлекеттік тілде).
Конкурс қорытындысы бойынша II орынды № 1, 2, 17, 20, 22, 23, 33, 34, 37 ЖОМ, IIIорынды № 1, 2, 12, 13, 16, 17, 20, 22, 23, 29, 34, 35, 38, 39, 41 ЖОМ оқушылары иеленді.
  I орын алған оқушылар 2018 жылғы 8 ақпанда республикалық конкурстың облыстық кезеңіне қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер