Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2018 жылғы 15 ақпанда 1 ауысымда 1-11 сыныптарында сабақтар өткізіледі: температура минус 25 градус, жел 2 м/с


 

Инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау

IMG 3329

    2018 жылғы 29 қаңтарда Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразиялық университетінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын жалпы білім беру мекемелері педагогтерінің тәжірибиені жалпылау бойынша қорытынды кезеңін өткізді, оған мектеп, мектепке дейінгі, мектептен тыс ұйымдардың 400-ден аса педагогі қатысты.
    Инновациялық педагогикалық тәжірибие жұмысын қорғау жөніндегі педагогикалық форумның ашылуында Инновациялық Еуразиялық университетінің проректоры, филологиялық ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаев сөз сөйледі. Сараптама комиссияның құрамында Павлодар  мемлекеттік педагогикалық университетінің, Инновациялық Еуразиялық университетінің, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ғалымдары, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің басшылары, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер жұмыс атқарды.
   Жұмыс тәжірибесін қорғау 7 секцияда көпшілік алдында тыңдалу түрінде өткізілді, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, профессор В.К. Омарова, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, педагогикалық университетінің профессоры С. В. Осипова,  педагогикалық ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ доценті А. К. Сатынская ұсыныстарымен сөз сөйледі.
    Конкурстың қорытындылары бойынша 55 мектеп мұғалімдерінің инновациялық жұмыс тәжірибиесі «Педагогикалық тәжірибие - 2018» қалалық банкісіне енгізіледі. 2018 оқу жылында облыс деңгейінде жұмыстарын қорғауға 30 мұғалімнің жұмысы ұсынылды.
 «Филология: қазақ тілі» секциясына - Г. С. Балпекова (№ 1 ЖОМ), Г. С. Байгұлова (№ 5 ЖОМ), Г.А. Уәлиханова (№ 15 ЖОМ), Г. Е. Қапезова (№ 7 ЖОМ), Ж. С. Сагитова (№ 21 ЖОМ), Р. С. Әлкеева (№ 28 ЖОМ), А. А. Сейткалиева (№ 29 ЖОМ), Ә. Ә. Жангозина (№ 34 ЖОМ), Г. К. Әбенова (№ 42 СОШ) қатысты.
 «Филология:  орыс тілі және шет тілдері» секциясында - И. А. Бейсекеева (№ 25 ЖОМ), О. И. Рауш (№ 21 ЖОМ), М. П. Баядилова (№ 22 ЖОМ), Л. О. Мукатова (№ 37 ЖОМ).
 «Оқытылуы орыс тіліндегі бастауыш сынып» секциясында - М. К. Жапарханова (№ 27 ЖОМ), Е. С. Никитина (№ 34 ЖОМ), М.Г. Идрисова (№ 39 ЖОМ).
«Оқытылуы мемлекеттік тілдегі бастауыш сынып» секциясында -  А. Санат (№ 21 ЖОМ), А.З. Ныгманова (№ 22 ЖОМ), Д.Б. Абраева (№ 35 ЖОМ), А.М. Адамбаева (№ 37 ЖОМ).
«Химия, биология, география, тарих, музыка, қосымша білім беру» секциясында - Т.К. Қосынтаева (№ 1 ЖОМ), К.С. Джакова (№ 22 ЖОМ), Э.У. Мукарова (№ 34 ЖОМ), С.Б. Тулеубаева (№ 42 ЖОМ).
 «Математика, физика, информатика» секциясында - Г.Т. Баталова (№ 17 ЖОМ), С.Б. Жанакова (№ 21 ЖОМ), Ж.О. Орынгазиева (Жетекші ЖОМ).
«Мектепке дейінгі оқыту» секциясында - М.М.  Будько (№ 51 сәбилер бақшасы), Н.В. Захарова (№ 82 сәбилер бақшасы), М. Е. Муханова (№ 111 сәбилер бақшасы).
   2017 жылдың қараша айында облыстық және қалалық іріктеу кезеңіне қала мектептері мұғалімдерінің 95 жұмысы ұсынылды, олардың ішінен көпшілік алдында қорғалуға қалада - 64, облыста – 22 жұмыс жіберілді. Облыстық қорғаудың қорытындылары бойынша тәжірибиені жалпылау бойынша қала мектептерінің 15 педагогіне сертификат берілді. 9 жылдың ішінде 532 педагог жұмысының тәжірибиесін қалалық, облыстық, республикалық деңгейде талдап қорытылды.

 

 

temp rus

 

ҰБТ-ның жаңа форматы