Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

«Балдәурен» достарды жинайды

   9-29 қаңтар аралығында Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері «Балдәурен» РОСО демалып қайтты. Қаңтар айының бірінші маусымы «Жақсылық жаса» атауымен өтті.
«Балдәурен» орталығы әліміздің көркем жерінде, Көкшетау облысында, Шортанкөл өзенінің маңында орналасқан.
Сауықтыру орталығында балалардың демалуына, сауығуына және дамуына барлық жағдайлар жасалған. Осы 20 күн бойы балалар қанықты өмір сүрді. Сабақтан соң тәлімгерлер түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырды.
«Ертегілер күні» өте қызықты өтті. Балалар ертегілерді сахнада көрсетіп, өздері әртістер кейіпінде болды. Және де барлық ертегілерде жақсылық жамандықты жеңіп шықты. «Логикалық жұмбақтар күні» балаларға ойлауға, қорытынды жасауға, түрлі ребустарды шешуге үйретті.
Сонымен қатар, Шортанкөл өзеніне, Оқ жетпес тауына саяхаттар мен жаяу барулар ұйымдастырылды.
Бірақ ең бастысы, лагерде балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінен көп достар тапты. Маусым соңында балалар лагермен, жаңа достарымен өкінішпен қоштасты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер