Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2018 жылғы 15 ақпанда 1 ауысымда 1-11 сыныптарында сабақтар өткізіледі: температура минус 25 градус, жел 2 м/с


 

Кәсіби бағдарлаудың жаңа форматы

01-news-banner  

   Біздің өміріміз шынайы болып келеді. Бүгінгі күні біз әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасаймыз, интернетте: пошта, сайттар, іздеу жүйесі, Skype және көптеген басқа мемлекеттік қызметтерді алып, сауда жасаймыз.
    Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар әлемінде әр оқу орынның виртуалды кәсіби бағыт-бағдар беру кабинетімен жасақталған өз сайты болуы тиіс. Виртуалды кәсіби бағыт-бағдар беру кабинетінің өзі талапкерге немесе әдеттегі пайдаланушыға оқу орын, колледжің мамандықтары мен материалдық-техникалық базасы туралы барлық қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
    Виртуалды кәсіби бағыт-бағдар беру кабинетін құру колледждерді жаңа деңгейге шығаруға және негізгі көрсеткіштерді арттыруға: бір орында ақпаратты сенімді сақтауды қамтамасыз ету және өзінің мүмкіндіктері, өзінің болашақ кәсіби жолы туралы алған білімін есепке ала отырып, мамандықты өздігінен таңдауға ұмтылуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, бизнес-колледж базасында білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы 6 ақпанда басымдылықтар бойынша интерактивті кабинеттер құру мәселелері бойынша семинар өткізген болатын.
    Пайдаланушы үшін виртуалды кәсіби бағыт-бағдар беру кабинетінің сырттай қарапайым болғанына қарамастан жүйенің өзі біршама қиын. Бизнес колледж басшысының АТ жөніндегі орынбасары М.М. Рахимбаев атап өткендей виртуалды кәсіби бағыт-бағдар беру кабинетін құрған жағдайда edupvl.gov.kz аймағында домналық атты тіркеуді қарастырған және хостингті (VPS) сатып алған, сонымен қатар жеке серверді көшіру мүмкіндігі болғаны жөн.
    Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде осындай заманауи компьютерлік технологиялар нысанын іске асыру бірыңғай медиабілім беру кеңістігін дамыту бойынша кешенді іс-шаралар мен тұтас жүйенің бір бөлігі болуы тиіс.

 

 

 

 

temp rus

 

ҰБТ-ның жаңа форматы