Управление образования Павлодарской области

Электронная почта - kense.do@pavlodar.gov.kz

Приемная - 8 7182 32-09-65

Телефон доверия:
8 7182 320560

 

Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Сондықтан сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


    Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.
    Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
   Түлектер өздерінің 11 жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
   Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.
   Сіздер бүгін үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет -деп Ел басымыз айтқандай , бұл – рухани жаңғыруымыздың басты негіздерінің бірі.
   Үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат болыңыздар. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарыңызды қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға тырысыңыздар. Бір сөзбен айтқанда еліміздің болашағы –    Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспін. Ақ жол.


Құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл                                                         З. Балиева

 

 


 

Победитель республиканского конкурса «Поэт в сердцах народа»

   Учащаяся 5 класса СОШ № 41 физкультурно-оздоровительной направленности г. Павлодара Сумина Милана приняла участие в дистанционном республиканском конкурсе «Поэт в сердцах народа», посвященном поэзии Мукагали Макатаева. На конкурс была представлена видеозапись.
По итогам конкурса за исполнение стихотворения «Үш бақытым» Милана заняла 1 место, а Жакупова Гульмира Хасеинкызы, учитель казахского языка и литературы за подготовку Миланы награждена дипломом.
Милана – обладатель призовых мест в различных конкурсах, олимпиадах. В текущем учебном году заняла 1 место за проект «Маралды- приоритетная зона» в республиканском конкурсе научных проектов «Зерде» среди учащихся 1-7 классов.
Кроме этого, девочка учится в детской художественной школе № 1, занимается современными танцами в студии «Блэйз» областного Дворца школьников имени М. Катаева. Большое удовольствие доставляет Милане и занятие триатлоном.

 

 

 

Государственные услуги