Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

 

 

15102018-2

15102018-2


 

Павлодарлық оқушылардың Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына қатысуы

    Алматы қаласында 2018 жылғы 1-3 наурыз күндері Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы VIІІ халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика саласына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 203 оқушы ғылыми жобаларын ұсынды, сонымен қатар Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің қатысушылары болды.
   Павлодар облысының командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық және қорытынды кезеңдерінің 5 жеңімпазы мен жүлдегерінен тұрды.
   Конкурс қорытындысы бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушысы Сағынғалиев Ернұр жүлделі екінші орынға ие болды. «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары Асетов Ануар, Марданов Нурасыл, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушысы Сапарбекова Сабина, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Жанұзақ Нұрболат халықаралық ғылыми жобалар конкурсының қатысушы сертификатына ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер