Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

 

 

15102018-2

15102018-2


 

Шығармашылықта шек жоқ

1519924001286    

  Латвияның Юрмала қаласында өткен «Мен теңіз жағалауында тұрамын 2018» XVII  халықаралық көрнекі байқаудың қорытындысы белгілі болды. Сайыстың тақырыбы жыл сайын өзгерсе де, теңіз оның басты идеясы болып табылады. Әрбір адам теңіз, өзен, мұхит және көлдің жағалауында тұра алады. Әрбір адам гулді және құмды теңізде өмір сүре алады. Біздің бәрімізде теңізге деген сүйіспеншілігімізді қолымызға қылқалам алып, сурет арқылы жеткізе аламыз.
Осы жылы байқаудың тақырыбы «Көпір» деген атқа ие болды.Байқауға 29 әлем елдерінің 4-25 жас аралығындағы жас суретшілердің 4651 жұмысы ат салысты, солардың ішінде №2 Балалар көркемсурет мектебінің 17 оқушысы қатысқан еді. Көркем сурет мектебінің жас оқушылары «Кескіндеме» номинациясында үш марапатқа ие болды.
   4-7 жас санат арасында мектебіміздің 7 жасар оқушысы  Рита Жарокова гуашь техникасында орындаған «Менің жанұям» жұмысы мен алтын медальді жеңіп алды, ұстазы Наталья Васильевна Герусова.
  Ал Василиса Михальченко (7 жаста) Сәуле Бейбітхановна Пернебаеваның жетекшілігімен «Бұл менің қалам» атты аралас техникада орындаған жұмысымен күміс медальға ие болды.
  «Теңізде» атты жұмысты пуантилизм техникасында орындаған  (10 жастағы) София Чумак алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі Ольга Ивановна Ловина. София әртүрлі сайыстардың белсенді қатысушысы болып табылады, осы жылы ол «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» республикалық байқауында жеңімпаз дипломына ие болды.

 

5a9831bc9a0a9

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер