Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Жас музыканттар халықаралық конкурстың лауреаттары атанды

   Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары Хамит Ниязбек және Кеңес Жансая «Я - звезда» халықаралық көп жанрлы фестиваль-конкурсының лауреаттары атанды.
Іс-шара Қазақстанның үздік концерт залдарының бірінде - Астана қаласының «Жастар» жастар сарайында өтті. Қазақстан, Ресей, Өзбекстанның әртүрлі қалаларынан 5 - 17 жастағы 450-ден аса дарынды бала қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша конкурс әртүрлі ұлттардың ұлттық мәдени мұрасын, кәсіби шебер ұжымдары мен орындаушыларды тарту жолымен шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында өткізіледі.
Конкурс қорытындалары бойынша Хамит Ниязбек және Кеңес Жансаяның жеке орындауларында «Аспаптық шығармашылық» номинациясында және «Дуэт» номинациясында І дәрежелі лауреат атанды.
Ниязбек домбырада Қазанғаптың «Шыныаяк» күйін, ал Жансая - «Балбұлақ» халық күйін орындады. Олар дуэт болып А. Райымбергеновтың «Секіртпе» күйін ойнады. Сөзсіз, аталған жетістік музыка мектебінің педагогы Берік Қошанбайұлы Ишанкуловтың тынбай еңбек етуінің нәтижесі болып табылады.
Ниязбек және Жансая 2-сыныпта ғана оқиды, бірақ мектеп іс-шараларының белсенді қатысушылары болып табылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер