Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Универсиада - болашақ Әлем чемпиондарының додасы

   Павлодарда VII-ші қысқы Универсиаданың жабылу салтанаты өткізілді. «Универсиада жоғары дәрежеде, жинақты түрде өткізілді. Басқа облыстарды Павлодар облысындағы бар спорттық құрылымдарымен салыстыру өте қиын», - дейді Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев.
Жалпы Универсиаданың қорытындысы бойынша қола жүлдені Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті иеленді, күміс жүлде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спортшыларына бұйырды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Универсиаданың алтын жүлдегері атанды.
ПМПУ Универсиадаға 115 спортшыдан құралған командасын шығарды. Команда спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 11 қола медальдарын иеленіп, жалпы команда есебінде 31 жүлде еншіледі.
Спортшылар Қысқы Универсиаданың бағдарламасындағы шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, футзал, армрестлинг, кір спорты, пауэрлифтинг, баскетбол, қазақ күресі спорттың 9 түрінен күш сынасты.
Жарыстардың 1 кезеңінде баскетбол (3х3), қысқы президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы және футзалдан жарыстар өткізілді. Жарыстың 1 кезеңіне 29 ЖОО-нан 700-ге жуық спортшылар қатысты.
Президенттік көпсайыстан жарыстың қорытындысы бойынша Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінің студенті Виктория Козлова мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Вячеслав Макушенко чемпион атақтарына ие болды. Қыздар арасындағы командалық біріншілікте: 1 орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2 орын - Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік Университеті және 3 орын - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Ерлер арасындағы командалық біріншілікте: 1 орын - Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік Университеті, 2 орын - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ие болды, ал 3 орын - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Армрестлинг жарыстары бойынша ерлер арасында жалпыкомандалық есепте 1 орын - Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын -Жангір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті және 3 орын - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті. Қыздар арасында 1 орын - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2 орын - Жангір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті және 3 орын - Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Спорттық бағдарлау жарысының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында 1 орын - Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2 орын - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және 3 орын - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті. Қыздар арасында 1 орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет, 2 орын - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және 3 орын - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Қазақша күрес жарысының қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1 орын - Шығыс Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 2 орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, 3 орын - Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қыздар арасында 1 орын - Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет және 3 орын - Қазақстан мемлекеттік әйелдер педагогикалық университеті.
Кір көтеру жарысында жеңімпаз атағына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты иеленді. Екінші орында - Жангір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті. Көшбасшылар үштігін Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аяқтады.
Пауэрлифтингтен өткізілген жарыста ұлдар командалары арасында 1 орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық интституты, 2 орынды Павлодар қаласының Инновация Еуразиялық университеті және 3 орынды Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті иеленді. Қыздар арасында 1 орында - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, 2 орында - Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, ал 3 орынды Қостанай мемлекеттік институты қанжығасына байлады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер