Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

 

 

15102018-2

15102018-2


 

«Абай оқулары» - шығармашылық шабыт тұлғасы

   Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында өткізілген ХІХ облыстық Абай оқуларына жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерден 72 оқушы қатысты.
Абай оқулары төрт бағытта өткізілді: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар конкурсы, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы, «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 32 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, олардың ішінде: І орын – 4, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 16.
Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна, Павлодар қ. №29 ЖОББМ-нің мұғалімі Рахатжанұлы Еркебұлан, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының мұғалімдері Қайрат Айсана Қайратқызы және Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталды.
Конкурс жеңімпаздары 2018 жылғы қыркүйек айында ұлы ақынның елінде өтетін республикалық кезеңге қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер