Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Жас суретші Маррокодағы марапаттау рәсіміне қатысты

IMG 4784    

    Павлодарлық жас суретшінің «Жібек жолы» атты жұмысы халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» альбом-каталогының тысын рәсімдеу үшін, таңдап алынды.

   Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 11 жастағы оқушысы Карина Төлегенова Маррокодағы ИСЕСКО (ғылым және мәдениет, білім сұрақтары бойынша Ислам ұйымы) штаб-пәтерінде өткізілген «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» сайысының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттау рәсіміне қатысты. Сонымен қатар осы жерде жеңімпаздар жұмыстары енгізілген альбомның тұсаукесері өтті.
   Карина шығыс экзотикасы мен құпиялы жұмбақ әлеміне, өзінің әжесімен бірге алыс саяхатқа аттанды.
  Марапаттау рәсімі Атлант мұхитының жағалауында орналасқан (Марроко патшалығының солтүстік бөлігі) Марроконың астанасы Рабат қаласында өтті. Рәсімге 100 - ден аса адам қатысты (соның ішінде әртүрлі Ислам елдерінің білім министрлері бар еді).
        Каринаның айтуы бойынша бастапқыда оларға испан және француз, ағылшын тілдерінде ең қажетті сөздер жазылған қысқа кәртішке-сөздігін таратып берген. Соңынан осы байқаудың барлық жеңімпаздары үлкен залдың ортасына шығып, барлық қатысушылардың қол соғу сый құрметіне бөленген. Артынша оларға салтанатты түрде дипломдар мен кітап-каталогтары тапсырылған.
        Бәрінен бұрын осы салтанатты рәсімнен Каринаның есінде қалғаны, көрермендердің оларға атақты әртістерге көрсеткен сый құрметі сияқты ду қол шапалақтауы еді. Жеңімпаздардың киген жеңіл жейделерінде сайыстың логотипі бейнеленген Каринаның «Жібек жолы» суреті еді.
        Ресми бөлім соңында, осы рәсімнің басты қатысушылары мен қонақтарына Андал бағы мен Дараль-Махзен корольдік сарайы мен Воскресения Христова шіркеуі бар, үлкен мешіт және Марроко өнер мұражайы сондай-ақ көптеген сәулетті ескерткіштер шоғырланған ескі Рабат қаласы ішіне саяхат ұйымдастырылды.


IMG 4783

 

IMG 4785

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер