Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Үздік авторлық бағдарламалар анықталды

  

  Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Туған ел – туған жер» авторлық бағдарлама конкурсын өткізді. Мақсаты – педагогикалық кәсібінің беделін арттыру, «Мәңгілік ел», «Туған ел - туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша авторлық оқу бағдарламаларын құрастыру, IT-құзыреттілігін, қаржы және азаматтық сауаттылығын, метатану, мета құзыреттілікті қалыптастыру.
  Конкурсқа қаланың 20 жалпы білім беру мектептерінен 77 мұғалімнің 50 жұмысы жіберілді. Конкурсқа 12 пәннен жұмыстар ұсынылды (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыстілі мен орыс әдебиеті, математика, қоғамдық пәндер, география, биология, химия, физика, информатика, шеттілі, музыка).
  Алқалы сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды - № 16 ЖОМ музыка мұғалімі Н. Я. Бурлакова, № 29 ЖОМ химия мұғалімі Н. В. Твардовская, № 42 ЖОМ математика мұғалімдері А.С. Касымканова, Б. А. Сугралинова, № 16 ЖОМ биология мұғалімі Е. Л. Чайковская, № 9 ЖОМ тарих мұғалімі Г. Кульжанов, № 19, 22 бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Р.К. Шахманова, А. И. Баймульдинова, К. А. Балтабаева, М. М. Журсунова, А. Е. Жакупова, Н. Т. Шаханова, А. Т. Апсаликова, И. К. Огазова, З. Б. Смагулова), № 2, 12, 14, 21, 22, 25, 35, 38, 40, Жетекші ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Б. Ю.Сагындыкова, Г. А. Есхожина, А. С. Такиева, А. Б. Шанашова, Р. К. Дюсенова, А. Ж. Уалинова, Ш. А. Шакенова, З. А. Абдикаримова, А. Е. Файзолданова, Б. Сырнай, К. Б. Тулеуова, Н. Н. Мырзатаева, Г. О. Орынгазиева).
Павлодар қалалық байқауының жеңімпаздары сәуір айында өтетін республикалық конкурстың облыстық кезеңіне қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер