Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодар облысы Качир ауданы білім беру қызметкерлері арасында 2018 жылғы шаңғы жарысы өтті

Аудан орталығы Тереңкөл ауылында 2018 жылдың ақпан айының соңында білім беру қызметкерлерінің арасында шаңғы жарысы бойынша аудандық жарыс өтті, оған ауданның 29 кәсіподақ ұйымынан 78 адам қатысты.
     Жарыс нәтижесі бойынша 40 жас және одан жоғары санаттағы топта әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан 1 орынды Песчан №2 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Н.Т. Әліпова, 2 орынды А.Елгин атындағы №1 мектебінің мұғалімі М.Н. Бедрина, 3 орынды Львовка мектебінің мұғалімі М.К.Сүрүмбетова алды.

Ерлер арасында 1 орынға Песчан № 2 мектеп-интернатының педагогы В.В. Овцынов иеленсе, 2 орынға Трофимовка мектебінің мұғалімі Б.С. Әбдірахман ие болды, ал 3 орынды Ивановка мектебінің мұғалімі В.М. Колобок алды.
    40 жасқа дейінгі санаттағы топта әйелдер арасында 1 орынға Ю.П. Скокова - А. Текенов атындағы №2 мектебі, 2 орынға Р.Ж. Оспанова Песчан - №2 мектеп-интернаты, 3 орынға Қ. Нүрпейісова - «Самал» ССО ие болды.
Ерлер арасында 1 орынды А.А. Сорокин А. - Елгин атындағы №1 мектебі, 2 орынды П.С. Марушкевич - Береговой мектебі, 3 орынды М.Т. Аскапов - Трофимовка мектебі қанжығаларына байлады.
    Сайыстың нәтижесі бойынша шаңғы жарысынан жалпы командалық бірінші орынды Песчан №1 мектебі, екінші орынды Песчан № 2 мектеп-интернатының командасы, үшінші орынды А. Текенов атындағы № 2 мектебі иеленді.
    Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте қатысушылар сәйкес дәрежелі дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.
Качир ауданының білім беру бөлімі, білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымы жарыс төрешілері У.С. Уралов, М.К. Кашкенов, Қ.Д. Нурпеисова, А.А. Сорокиндерге және барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреді.
    Алдағы уақытқа спортта жетістіктерге жетіп, өрлей беруді, денсаулық, табыс, бейбітшілік тілейміз.


IMG-20180312-WA0007

 

IMG-20180312-WA0005

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер