Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Кәсіподақ қызметін жетілдірудегі үрдістер

   Ағымдағы жылы барлық бастауыш, аудандық және облыстық деңгейлердегі кәсіподақ қозғалысын модернизациялау аясында жобалық менеджментті ендіру жөнінде Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы тарапынан көптеген шаралар өткізілуде. Жыл басынан бастап 40 ұйым кәсіподақ жобасын жетілдіру жөнінде өз ниеттерін білдірді. Ұсынылған жобалар кәсіподақ имиджін арттыруға, кәсіподақ оқуын ілгері жетілдіруге, жұмыскердің құқықтық қорғауына, активтің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, қоғамдық іске жастарды жаппай тартуға, олардан кәсіподақ кадрлық резервін құруға, аймақаралық және халықаралық қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған.
  2018 жылғы 3 сәуірде Қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен Павлодар облысының Лебяжі және Павлодар аудандарының келісім комиссиялары мүшелеріне арналған «Жеке еңбек дауларын шешудегі келісу комиссияларының рөлі» тақырыбында ауданаралық семинар өтті. Бұл семинар «Профтренер» және «Синергия өзара қатынасы» облыстық кәсіподақ жобаларының аясында өтті және келесідей мақсаттарын қамтыды:
- 2012-2016 жылдары халықаралық семинарларда даярланған тренерлерді тәжірибелік кәсіподақ оқуларын өткізуге баулу;
- келісу комиссия мүшелерін жеке еңбек дауларын шешу әдістемелерін пайдалана отырып, заңнама межелері мен медиация әдістерін үйрету;
- ауданаралық кәсіподақ активінің өзара қоғамдық жұмыстарының мәселелері және басқа да салада тәжірибе алмасулары.
   Семинарды кәсіподақ оқуының тренерлері Лебяжі аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы - Б.Ж. Мұқатаева, Павлодар аудандық филиалының келісу комиссиясының мүшесі – С.Б. Матаева, Жаңатаң негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы - М.Т. Каримова және Луганск жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – С.О. Тезекбаева жүргізді.
    Семинар қатысушыларын үш топқа бөліп, алдын-ала дайындалған тақырып бойынша жеке еңбек дауларын шешу жағдайын рөлдік ойындар арқылы білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен жұмыс берушілері арасында келісу комиссияларының отырыстарын ұйымдастырды. Тәжірибе барысында тренерлер топ жұмыстарын келешекте ұжым арасында теріс резонанс тудырмайтындай болу үшін қолданыстағы заңнама нормасын тиімді пайдалануды және комиссия мүшелеріне тиісті бағытты көрсетіп отырды.
   Семинар қарсаңында «Павлодар облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Павлодар облыстық соты арасында өзара жұмыс жасау жөнінде меморандум жасалды, сонымен бірге аталмыш келісім шеңберінде Кәсіподақтар үйінің базасында сотқа дейінгі еңбек дауын шешу жөніндегі Медиация орталығы ашылу көзделуде. Қатысушылардың алдында дауларды реттеудегі баламалы технологиялар жөніндегі ақпаратпен кәсіби медиатор Ирина Владимирована Стрелецкая сөз сөйледі.
   Сәуір-мамыр айларында кәсіподақ оқуы тренерлерінің күшімен білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі жағдайын ұйымдастыру және әлеуметтік әріптестердің ұжымдық шарттардың орындалуын қадағалау жөніндегі өзара іс-әрекеттері тақырыбы төңірегінде әлі 3 ауданаралық семинарлар өткізу жоспарлануда. Бұл іспетті оқу-семинарлар ауданарлық қатынастары мен әрекеттерін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарының қызметін ілгерілетуге өз ықпалын тигізері сөзсіз.

 

F9EB4668-CCD4-40E3-B834-4D7D0F2C8E0F

 

20180403 123241



Баян Гәккуқызы Бейсенова
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлерінің
Павлодар облыстық ұйымының бас маманы

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер