Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Жазғы каникулға дайындық басталды!

IMG 1724

 

  

   «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында облыстық білім беру мекемелерінде жазғы демалысты ұйымдастырушыларға арнайы семинар-практикум өз жұмысын бастады.
   Семинардың салтанатты ашылуының ресми бөлімінде мемлекеттік мекемелердің өкілдері:  білім беру басқармасының қосымша білім және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы -  Нұрғалиева С.Қ., қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары – Кубенова.С.З., Павлодар облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Кульжибаев С.К.,  ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы  бақылау-профилактикалық жұмысының бас маманы Асқарова А.Е., салауатты өмір салтын қолдау орталығының білім беру бағдарламаларының маманы – Тұрарова А.Қ., Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің ЖӨЖЖ аға инспекторы – Н.Қ.Қайырбаева сөз сөйледі.
    Қатысушылар жазғы демалыс лагерлерінде, мектеп жанындағы профильдік  лагерьлерде және алаңдарда  әр форматта өткізілетін іс-шараларды  өткізудегі  тәжірибелерімен алмасып,  практикада  қолдануға мүмкіншілік алды. Екі күнде тәжірибелі тренерлердің қатысуымен шығармашылық зертханалар, шеберлік-сағаттар, тренингтер ұйымдастырылып, қатысушылар   ұсынылған  қызықты жұмыс түрлерін пайдаланып   практикада қолданды.  Тренерлер ретінде  Павлодар  қаласының «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының, Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру-бос уақытты қамту кешенінің, Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс жұмысы орталығының және жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары шақырылды. Семинар қатысушылары жазғы демалысты жаңа идеялармен, жоспарлармен қарсы алады.

 

 

IMG 1608

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер