Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Ертіс ауылында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

DSCN4194

 

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Ертіс ауданында 2018 жылғы 12 сәуір күні №2 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
    Кабинетті аудан әкімі Серік Батырғожинов және«100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Алексей Лодочников салтанатты түрде ашты. №2 Ертіс орта мектебінің оқушысы  Ақтас Айдана кабинеттің ашылуына арнайы  жазған өз туындысын оқып берді.  Оқушылар қонақтарды кабинетпен таныстырды.
     Кабинет тарих, география, өлкетану сабақтарын, танымдық іс-шаралар, сынып сағаттарын, оқыту семинарларын, тренингтер өткізуге арналады.
      Кабинетте Павлодар облысының киелі жерлері орналасқан карта, Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалар портреттері, қазақ тілінің алфавитінің тарихы, «100 жаңа есім», QR-кодты 100 кітап стендтері орын алды.
      Іс-шара дөңгелек үстел форматында жалғасын тауып, құрметті қонақтар өз тілектерін білдірді.
      Сонымен қатар, Алексей Лодочников жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, жеткен жеңістері мен жетістіктері туралы сөз қозғады.
"Рухани жаңғыру" жобалық офисінің мүшесі Ырысты Нәжімиденқызы «Тәрбие және білім» бағыты бойынша өтетін шаралар туралы айтып өтті.
      Келген қауымға тілек кітабы ұсынылып, өз ізгі тілектерін білдіруге мүмкіндік берілді.
       Іс-шара соңында Алексей «Өзім жайлы» және «Бұлбұл» әндерін орындады.

 

 

IMG-20180412-WA0083-1

 

DSCN4235

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер