Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Қашыр ауданында роботты техниканың фестивалі өтті

DSC 0249

  

Қашыр ауылында № 3 ЖОМ базасында 5-10 сынып оқушыларына арналған бірінші аудандық «Robo Stroy»  роботты техника фестивалі өтті.
Барлығы жарысқа 6 команда, 30 қатысушы қатысты. Фестиваль үш кезеңде өтті: бірінші – «Бір түзумен жүр», екінші – «Сумо» күресі», үшінші – «Роботтарды жина», жарысты «Creative proekt» шығармашылық жобасы  аяқтады.
Көрермендер мен қатысушылар роботтардың әрекеттерін бар ынталарымен бақылап, «өз командаларына» «жанкүйер» болды.
          Қазылар алқасының мүшесі, Ынталы НМ информатика мұғалімі А.М. Құсмиденовтің пікірінше: «Көпшілігіміздің түсінігімізде роботты техника – ғылым мен фантастиканың түйісіндегі бағыт, мүмкін, сол себептен роботпен байланыстының бәрі балалардың қызығушылығын туғызады. Маңыздысы, роботты техникамен жұмыс, басқа мектеп пәндері дамытпайтын, оқушылардың механикалық қабілеттерін дамытуға қызмет ететіні».
          Фестиваль мықтыларды анықтады:  «Бір түзумен жүр» номинациясында - 1 орынды Песчан №1 ЖОМ оқушысы Михаил Колосов, 2 орынды – Александр Никифоров – Песчан №2 ЖОМ оқушысы, 3 –орынды – Алина Маковец, Александр Агапитов, Качир №1 ЖОМ оқушылары алды;
       «Сумо» номинациясында - 1 орын – Виктория Григорчук, Песчан №1 ЖОМ, Иван Демидюк, Влад Елгин, Качир №1 ЖОМ; «Роботты жина» номинациясында 1 орын – Түгелбай Шыңғыс, Рамазан Иса, Качир №3 ЖОМ, 2 орын – Касан Расул, Жантимиров Эльдар, Береговой ЖОМ«Creative proekt» шығармашылық жобасында түрлі номинациялар бойынша Качир №3 ЖОМ, Песчан №2 ЖОМ, Береговой ЖОМ командалары көзге түсті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

 

DSC 0254

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер