Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Павлодар облысының мұғалімдері халықаралық сертификатқа ие болды

IMG 9685

    

   Павлодар қ. Химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне TKT CLIL модулі бойынша халықаралық сертификаттар тапсырылды.
   Тыңдаушыларға сертификатты Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалының директоры Нұрлан Сағындықұлы Сарбасов табыстады. Аталған іс-шараға шетел тілдерін оқыту мектептері Консорциумының тілдер жобасының координаторы Лиана Саматқызы Заирова қатысты.
     Курс Павлодар қаласындағы «Новое Поколение» тіл орталығында өтті. 4 айлық (2017 ж. 4 қыркүйегі мен 27 желтоқсаны аралығында) біліктілікті арттыру курсында Павлодар облысының 47 мұғалімі, ал 5 айлық (2017 ж. 4 қыркүйегі мен 2018 ж. 26 қаңтары аралығында) біліктілікті арттыру курсында Павлодар облысының 24 мұғалім білім алды.
     Сертификат иегерлері аталған тіл орталығы тренерлерінің жұмысына жоғары баға беріп, тілді меңгеру мен шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша өз білім деңгейлерін жетілдіргендері үшін Педагогикалық шеберлік орталығына алғыстарын білдірді.
    Мұғалімдер курстық даярлық кезінде алған білімдері мен тәжірибелік дағдылары мектепте ағылшын тілін оқытудың сапасын жоғарылатып, оқушылардың білім жетістіктерін арттыратынына сенім білдірді. Білім мазмұнының жаңартылуы жағдайында аталған курс Бағдарламасы мектептегі оқыту процессінің көптілділік аспектісіне өз үлесін қосады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер