Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Қаздар қонысы» аумағын тазалықта сақтайық!

IMG 20180413_112205

      Павлодар қаласы білім беру бөлімі экология және туризм орталығының 60 тәрбиеленушілері (№ 30, 35 ЖОМ оқушылары)  ұстаздармен бірге, «Жасыл ел» студенттер жасағының жауынгерлері мен «Спецмашин» ЖШС бірлесе қаланың санитарлық тазалау және көріктендіру айлығы көлемінде «Қаздар қонысы» бірегей палеонтологиялық ескерткішінің аумағын тазалауға шықты. Мақсаты - оқушыларды бірегей табиғат ескерткіштерін, табиғатты қорғауға бауылу болды.
Аумақты тазалау жұмыстарының алдында оқушыларға табиғат ескерткіші, оның сақталу маңыздылығы туралы мағлұмат берілді.
«Бүгінгі шараға біз қажетті техника, құралдар мен қоқысқа арналған қаптарды ұсынып отырмыз, сонымен қатар, барша экологиялық марафоны қатысушыларын тәтті тартулар да күтіп отыр»,-деп «Спецмашин» ЖШС  директорының орынбасары Аида Нұрұмова айтты. Тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін жасақ қатысушыларына грамоталар мен дәмді жүлделер берілді.
    «Біздің қаламыздың тазалығы, «Қаздар қонысы» ескерткіші сияқты бірегей орындарының бірін сақтап қалу - біздің қолымызда. Ағымдағы жылы «Қаздар қонысы» ескерткішінің ашылғанына 90 жыл толып отыр», -деп мәлімдеді экология және туризм орталығының басшысы Салават Ботбайұлы Сейітқанов.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер