Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Павлодарға еліміздің жас ақындары мен шешендері жиналды

DSC 0052

  

   Бүгін Павлодар қаласында 8-11 сынып оқушылар арасындағы «Ақберен» V республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Павлодар облысының Білім басқармасы.
   Республикалық өнер сайысына барлық аймақтардан 15 команда құрамында 90 бала келді. Байқаудың салтанатты ашылуында Павлодар білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім меңгерушісі Зауре Аманова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Іс-шара қонақтары жергілікті Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты оқушылары дайындаған «Жыр-Жерұйық» әдеби-композициялық қойылымын тамашалады.  Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдар және атақты ақындар, сазгерлерден құралған қазылар алқасына белгілі ақын-айтыскер Әлтай Аманжол төрелік етті. Сайыстың бірінші күні «Ақындар айтысы», «Шешендік өнер» және «Шығарма жазу» бағыттары өткізілді.
     Қаламыздың қонақтарына «Ертіс дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Batyr mall» ойын-сауық кешеніне саяхат әзірленді.

 

DSC 0116

 

DSC 0061

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер