Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«World Skills Kazakhstan Pavlodar-2018» ІІІ аймақтық чемпионатының салтанатты жабылуы

20180416 151857

         Жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында «World Skills Kazakhstan Pavlodar-2018» ІІІ аймақтық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті. Павлодар облысының білім беру басқарма басшысының орынбасары Сәуле Алекпарова құттықтау сөзінде бұл конкурс – технологиялық жағынан жоғары кәсіптер және инновациялық өндіріспен байланысты еңбек мамандары саласында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірегейлі қарым-қатынас жүйесін орнатуға алғашқы қадам екенін атап өтті. «Чемпионат құзыреттілігі бойынша үздік өкілдерді таңдап, Астана қаласында Павлодар облысын Ұлттық чемпионатында ұсынуға арналған» - деді ол.
     Екі апта бойы 14 құзыреттілік бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 106 студенті сайысқа түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздары анықталды.

20180416 151520

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер