Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

 

 

15102018-2

15102018-2


 

«Үздік педагог» республикалық сайыстың қалалық кезеңі аяқталды

1704

       

   Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті  «Үздік педагог » республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері - балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтар кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру. Конкурсқа 11 педагог қатысты. Соның ішінде 10 мектептің 10 мұғалімі және  балабақша тәрбиешісі.
  Сараптама комиссия мүшелерінің шығарған қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бас жүлде иегері Жанара Жұмағұлқызы Жақсылықова № 16 лицей-мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі, І орын - Илья Олегович Поляков № 34 ЖОМ информатика мұғалімі,   ІІ орын - Алмаз Сансызбайұлы Серікбаев № 19 ЖОМ информатика мұғалімі  және  Ирина Сергеевна Белова №4 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, Алина Генриховна Терешкина №29 балабақша тәрбиешісі - ІІІ орын иегері. Сайыс лауреаты - Гүлмира Болатқызы Есмакаева, № 21 ЖОМ география мұғалімі, Қымбат Галлямқызы Матай, № 40 ЖОМ логопеді, Ильмира Ерғанқызы Оспанова, №13 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі.
  Ж.Ж. Жақсылықова республикалық педагогикалық оқулардың 1 орын иегері, облыстық және қалалық «Жыл мұғалімі - 2016» сайысының жеңімпазы. И.О. Поляков, қалалық және облыстық «Жыл мұғалімі - 2014», «Үздік авторлық бағдарлама - 2017»  сайыстарының, облыстық мұғалімдер пән олимпиадасының жеңімпазы.
   Конкурс жеңімпаздары «Үздік педагог» республикалық сайысының  облыстық  кезеңіне  қатысады.
   «Үздік педагог» конкурсы, жыл сайын педагогтың жеке жетістіктерін қарау ғана емес, қалалық  білім жүйесінің  жетістіктерін бағалау, - дейді Шолпан Саменқызы Нұрахметова  әдістемелік кабинет меңгерушісі.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер