Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Болашақ Отан қорғаушылары

    Астанамыздың 20 жылдығының қарсаңында 2018 жылғы 12-14 сәуір күндері генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің негізінде 11 сынып оқушылары арасындағы V «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасы өткізілді. Сайысқа әр облыстардың, Астана, Алматы ққ. әскери, дарынды балаларға арналған мамандандырылған және жалпы білім беру мектептерінен 63 оқушы қатысты.
    Олимпиада екі кезеңде өтті: теориялық кезеңде математика, физика, орыс тілі, қазақ тілі, алғашқы әскери дайындық пәндерден тестілеу; тәжірибелік кезеңде алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру нормативтерін орындау (АК-74 автоматын ішінара бөлшектеу және жинақтау; 3000 м,100 м кросс, кермеде тартылу).
   Павлодар облысынан қатысқан әскери мектеп-интернатының оқушылары Бейсембаев Айдын, Қолдыбай Ғалымжан ІІІ орынға ие болды.
Олимпиада аяқталғасын қатысушыларға №68665 әскери бөліміне және Ұлттық әскери-патриоттық орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

IMG-20180418-WA0013

 

IMG-20180418-WA0018
 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер