Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодарлықтар «Әбіш оқуларынан» жүлдемен оралды

 

    Маңғыстау облысының Оңды ауылында 2018 жылғы 11-14 сәуір күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы І республикалық «Әбіш оқуларын» өткізді. Павлодар облысынан сайысқа дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты мен Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясынан барлығы 10 оқушы қатысты.
   Маңызды іс-шараның басты мақсаты¬- мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру. Сайыс төрт  бағытта өтті: жазушының прозасын мәнерлеп оқу,шығармаларына иллюстрация жасау,зерделеу жоба және сахналық қойылым. Байқау қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының оқушылары сахналық қойылым бағытында ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға ие болды.

 

 IMG-20180417-WA0020

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер