Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

7-8 сынып оқушыларына арналған Е. Бекмаханов атындағы турнирі

   

    Е. Бекмаханов атындағы турнир2018 жылғы 26 сәуір күні дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің базасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  әзірленіп өткізілді.
Іс-шара мақсаты – өскелең ұрпақта өз елінің мәдени мұрасына ұқыпты қарау және қоғамның тарихи зердесін сақтау мен молайтуға ықпал ететін отаншылдықты қалыптастыру.
Оқу-жаттықтыру жиындары барысында Турнирге қатысу үшін облыс мамандандырылған мектептердің 36 оқушысынан 12 команда құралып, оқушылартарих пен өлкетанудан күрделі тапсырмаларды орындап қабілеттілігін көрсетіп,  шешімдерін дәлелді түрде беріп, ғылыми пікірталаста қорғады.
Қазылар алқасының жұмысын жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Ертiс дарыны» орталығының қосымша білім беру мектебінің жаттықтырушылары, тарих және география мұғалімдері -  облыстық  Ассоциациясы мүшелері жүргізді.
    Турнир командалық және жеке біріншілікте қорытындыланады:
    Жеке біріншіліктеІ дәрежелі дипломмен Салим Алибек,  Екібастұз қаласы № 1 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;  ІІ дәрежелі дипломмен Горбатюк Святогор, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің  8 сынып оқушысы; ІІІ дәрежелі дипломмен Даулетхан Нұр, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы және Ким Валентин, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы марапатталды.
    Командалық біріншілікте: І орынды және Е. Бекмаханов атындағы турнирінің Кубогын  Екібастұз қаласы мамандандырылған «Зерде» мектебінің «Тұран» командасы ұтып алды; ІІ орынға мамандандырылған "Жас дарын" мектебінің «Сократ» және дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің «Арго» командалары ие болды; ІІІ орынға ие болғандар -  дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінің «Абай ізбасарлары, Екібастұз қаласы № 1 мектеп-лицейінің «Номад»  және  дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының «Жас қанат» командалары.
Үздік ойыншыларТурнирде білім басқармасының грамотасымен марапатталды: Аккузинова Лейла, Екібастұз қаласы № 1 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы,   Широков Матвей және Алеева Алиса, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 8 сынып оқушылары, Никоноров Максим, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы,  Ошақпай Назерке и Байшүкір Гаухар, дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернатының 8 сынып оқушылары.

 

1

 

2

 

3

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер