Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодарлық тіл майталмандары жеңіспен оралды

   Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 24-28 сәуір күндері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы өтті.

    Іс-шараға аймақтық іріктеу кезеңінен өткен еліміздің білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптарынан 200-ден астам оқушы қатысты.
   Павлодар облысынан олимпиадаға облыстық кезеңінде І және ІІ орындарға ие болған мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің 12 оқушысы қатысты.
   Олимпиада қорытындысында І дәрежелі дипломға– «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10, 11 сынып оқушылары Амантай Айгүл, Бауыржан Ақерке; II дәрежелі дипломға– «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Кенжехан Айдана; ІІІ дәрежелі дипломға – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Илимхан Ақерке ие болды. «Тіл шебері» номинациясын Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Карибаева Малика иеленді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен Павлодар қ. №38 негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Солтанмұрат Камила, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Кунтаева Амина, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қунақпай Мәлике және Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Бәкібай Толғанай марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

 

 

1

 

3

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер