Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 24 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура 0 градус, жел 5-13 м/с.

 


 

«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсының қорытындысы

Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 16 мамыр күні мектеп оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсын өткізді.
Облысымыздың 42 оқушысы қатысқан сайыс 3 бағытта жұмыс жасады.
Қазылар алқасының шешімдері негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрада І орынды – Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Жанатова Асем; ІІ орынды – Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Сүйіндік Перизат және №22 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Қайдар Бексултан; ІІІ орынды – Ақсу қ. №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Карташова Людмила, Баянауыл ауданы Ж.Аймауытов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дүйсен Мақпал, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Гулнар Жанболат иеленді.
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша І орынға – Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Нығметолла Камила; ІІ орынға – Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 7 сынып оқушылары Қабиден Гүлнәз және Самат Қамария, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Турсунханов Райымбек; ІІІ орынға – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Жумабаева Дильнар, Баянауыл ауданы Шөптікөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Каменов Бекзат, Железин ауданы Екішоқ негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Оразова Назым, Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сейтқажы Жансая ие болды.
«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазу бағытында І орынды – Екібастұз қ. №26 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Елубаева Назым; ІІ орынды – Лебяжі ауданы Потанин орта мектебінің оқушысы Бегимжанова Индира, Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Тлебалды Лағыл, Шарбақты ауданы Арбиген орта мектебінің 8 сынып оқушысы Таукенова Сымбат; ІІІ орынды – Павлодар ауданы Кеңес негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Капарова Алмагүл, Шарбақты ауданы Жаңаауыл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жанболат Назерке иеленді.
«Ұстаздық еткен жалықпас» сертификатымен Абай атындағы №10 лицей-мектебінің мұғалімдері Рустемова Светлана Биляловна мен Казиева Багда Адильхановна және Екібастұз қ. № 26 мектеп-гимназиясының мұғалімі Сагантаева Жанаргуль Толеубаевна марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер