Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Қ.И.Сәтбаевтың елінде VIІІ Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді

DSC 1054

 

   Павлодар облысы Баянауыл кентінде  2018 жылғы 27-30 мамыр аралығында жас зияткерлер химия, биология, физика, математика және информатика пәндері бойынша сайысқа түсті. Олимпиада көрнекті ғалым, ғылым негізін қалаушы,  Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  құрметіне аталған.    
    Іс-шараға барлығы 39 команда құрамында Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен және Ресей Федерациясының Саха (Якутия) Республикасы мен Новосібір қаласынан 244 оқушы қатысты. Биылғы жылы алғашқы рет олимпиада қатысушыларының қатарында Петропавл, Атырау, Ақтөбе қалаларының командалары болды.  
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды – 11, ІІ – 21, ІІІ – 36 оқушы иеленді.
Павлодарлық оқушылар 25 орын алды, оның І – 5, ІІ – 8, ІІІ – 12.
   Математикалық бағытта І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Драганчук Антон, ІІІ дәрежелі дипломмен Горбатюк Святогор, Лим Владимир және Рахимжанов Динмухамед марапатталды. «Бағдарламалау» бағытында ІІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Гончаров Матвей және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқұшылары Хасанов Рустем, Абихас Алихан ие болды. Жаратылыстану-ғылыми бағытта ІІІ дәрежелі диплмға Павлодар қ. №39 ЖОББМ-ның 8 сынып оқушысы Ишимцева Екатерина ие болды. Математика мен физика пәндерінен жеңімпаз аталғандар: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Уколов Иван және Драганчук Антон,  ІІ  дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7, 8 сынып оқушылары Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед, Укибаев Ануар ие болды. Химия пәнінен ІІ және ІІІ дәрежелі дипломды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Шерстобитова Ольга мен Колдашев Эмиль және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқұшысы Мадиев Мади иеленді. Биология пәнінен жеңімпаз Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназиясының 8 сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик атанды, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломды облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Нурмаганбетов Бакытжан және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Аубакиров Руслан иеленді. География пәнінен І дәрежелі дипломмен – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Сапарғали Әлиасқар, ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Кингирова Айым, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Серикбаева Диляра марапатталды. «Ақпараттық технологиялар» пәнінен ІІ дәрежелі дипломды Екібастұз қ. №10 ЖОББМ-ның 8 сынып оқушысы Шафоростов Кирилл, ІІІ дәрежелі дипломды  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Гончаров Матвей, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқұшысы Хасанов Рустем иеленді.
   Командалық біріншілікте жеңімпаз Кубогын Павлодар облысының командасы жеңіп алды. Команда құрамында: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Драганчук Антон, Уколов Иван және Шерстобитова Ольга,  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназиясының 8 сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқұшысы Хасанов Рустем, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Сапарғали Әлиасқар.  ІІ және ІІІ орынды Республика Саха (Якутия) Кіші ғылым Академиясы мен Атырау қ. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушылар командалары өзара бөліп алды.
    Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.  

 

DSC 0991

 

DSC 0737

 

DSC 0565

 


    
  

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер