Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Жас зияткерлерге арналған Павлодар облысы әкімінің салтанатты балы өтті

   Бүгін «Крендель» Банкет-Холлында өткізілген дәстүрлі жас зияткерлерге арналған Павлодар облысы әкімінің салтанатты кешіне халықаралық және республикалық олимпиадаларының 47 жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олардың ұстаздары және облыс білім жүйесінің дамуына үлес қосқан басшылар мен мамандар, педагогикалық еңбегінің ардагерлері және ата-аналар қатысты.
Ресторан холлындағы қыздардың әсем көйлектері мен ер балалардың смокингтері, оқушылардың вальсы ерекше әсер беріп, нақты бал кешінің атмосферасын туғызды.
Кездесу қатысушыларына арналған сөзінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев барлықтарын жоғары жетістіктерімен құттықтап, біздің қоғамда осы балалардың таланттары мен қабілеттері талап етіледі деген сеніммен, оқушыларға өз елінің патриоттары болуға тілек білдірді. Облыс басшысының атынан жеке алғыс ата-аналар мен ұстаздарға арналды.
Салтанатты жиын барысында оқушылар облыс әкімінің атынан «Дарын-2018» белгісімен, ақшалай сыйақының сертификатымен және ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Балаларды дайындаған педагогтарға, басшылар мен мамандарға облыс әкімінің құттықтау хаттары және білім беру қызметкерлері облыстық кәсіподақ ұйымының Түркияға демалыс жолдамалары табысталды.
Оқушылар тарапынан алғысты Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы, республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Шарапиден Аида айтып, облыс әкіміне «Дарын-2018» ескерткіш кітабын сыйға тартты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер