Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Кенжекөл ауылының балалар ауылы тәрбиеленушілеріне «Халық радиосы» нағыз мереке сыйлады

IMG-20180527-WA0007

   Павлодар облысы «Халық радиосы» 80 жылдығының мерекелеу шеңберінде радио қызметкерлері мен «Ертіс» телеканалы, Павлодар облысының ІІД және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп Кенжекөл ауылының балалары үшін «Мейірімділік жаса» акциясы өткізді.
Аймақтағы жетекші БАҚ «Халық радиосы» күн сайын 24 сағат бойы хабарын таратады. Соңғы 3 жыл аралығында балалар ауылының тәрбиенушілері радионың бағдарламаларына қонаққа келіп жиі эфирге шығып тұрады. Ал бұл акция балаларды қорғау күніне арнап жасалды.
Балалар Павлодар радиосының тарихы жайлы фильмді тамашалады. Ең қызықты сәттердің бірі - Паровоз атты клоунның көрсетілімі болды. «Харизма» орталығының негізін қалаушы Абсалямова Ляззат қыз балалар үшін табысқа жету жайлы тренинг өткізген болатын. Осы уақытта ұл балалар ІІД мен ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірге өзін-өзі қорғау әдістеріне үйреніп өздерінің жаттығуларымен күн тәртібі жайлы айтты.
Мереке жақсы көңіл-күймен және тәтті де дәмді дастарханмен аяқталды.
Басшының тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Б.А. Жүсіпбекова: «Мерекені ұйымдастырып, өз күшін, идеясын, қаражаты мен уақытын аямаған мейрімді жандарға рахмет айтамын. Балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін ризашылығымыз шексіз», - деп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

IMG-20180527-WA0037

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер