Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Ертіс ауданында «Intellectum» кабинеті ашылды!

IMG-20180601-WA0046    

   Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатымен «OYNA» орталығының демеушілік көмегімен бірінші рет №3 Ертіс орта мектебінде «Intellectum» кабинетінің ашылуы рәсімі өтті. Кабинетінің ашылуына 1 200 000 теңге көлемінде демеушілік жасалынды.
   Ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Ж.Сағынаев, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернат директорыдың орынбасарлары  Р.Демиржан, Д.Бейсенбин, Қ. Амангелді қатысты.
   «Intellectum» кабинеті  1-6 сыныптарда оқитын балалардың ойын дамыту, сыни тұрғыдан ойлау және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған. Кабинет ең үздік ойындармен жабдықталған. Бұл ойындар балалардың IQ 41% - ға дейін арттырады. «Intellectum» ойын сабақтары жаңа ұрпақтың стратегиялық ойлау қабілеттерін дамытуға, үздік болуға мүмкіндік береді.


 

IMG-20180601-WA0047

 

IMG-20180601-WA0048

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер