Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Павлодар облысының оқушылары үстел теннисі бойынша «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының жеңінпаздары атанды

   2018 жылғы 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Щучинск қаласында «SportFEST Kazakhstan» ойындарының қорытынды кезеңі өтті. Спартакиада 6 спорт түрі бойынша өткізілді: футзал, баскетбол, әскери-қолданбалы спорт, шахмат, үстел теннисі, тоғыз құмалақ.
Үстел теннисі бойынша қыздар мен жігіттер арасындағы спортшыларымызға тең келетін қарсылас болмады, Ақсу қаласының №2 ЖОМ оқушылары Сабыржан Андосов пен Аймира Баканова спартакиада жеңімпаздары атанды.
Жеке спорт түрлері бойынша өткен шахмат ойынынан Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Диас Бексултанов 2-орынға, тоғыз құмалақтан қыздар мен ұлдар 4-ші орынға ие болды.
Футзалдан жасөспірім ұлдар, баскетболдан қыздар және әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша облысымыздың командасы 5-ші орынға ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер