Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Павлодарлық бүлдіршіндердің үлкен жеңісі

IMG-20180622-WA0013 _

    

    2018 жылғы 18-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатының  базасында төменгі сынып оқушыларының арасында «Бастау» XІ республикалық математикалық турнирі өткізілді. Республикалық турнирге облысымыздан екі команда бақ  сынады.
    Турнирдің барлық тапсырмаларынан біздің бүлдіршіндер сүрінбей, жоғары математикалық білімдерін, ауызша математикалық дәлелдеулерін,   командада жұмыс істеуін, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.
     Турнирдің қорытындысы бойынша командалық кезенде І дәрежелі дипломмен  дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының командасы, құрамында: Лифенко Максим, Ибрашева Алана, Манин Дмитриймарапатталды (мұғалімі Кравчук Галина Николаевна)  және ІІІ дәрежелі дипломмен Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің командасы  марапатталды, құрамында: Султанбаева Адина, Амангулов Абылайхан, Мубаракова Амина (мұғалімі Сергазина Айнұр Айтымовна).
      Жеке жазбаша кезінде Гран-при дипломымен дарынды балаларға арналған  № 3 гимназиясының 4 сынып оқушысы Лифенко Максим, І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Амангулов  Абылайхан, ІІ дәрежелі дипломмендарынды балаларға арналған  № 3 гимназиясының 3 сынып оқушысы Ибрашева Алана жәнеІІІ дәрежелі дипломына дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы  Султанбаева Адина марапатталды.
      «Дарын» республикалық ғылыми практикалық-орталығы математикалық турнирде ерекше жетістік көрсеткен үшін дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 2 сынып оқушысы Манин Дмитрийді және дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің2 сынып оқушысы Мубаракова Аминаныграмотамен марапаттады.

 

IMG-20180622-WA0015

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер