Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері футбол бойынша чемпионатында III жүлделі орын алды

d080b764-da08-4c8b-b1d0-caf7fff29f07

  

 

   18-23 мамыр арасында Алматы қаласында балалар үйлері және мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан Республикасының «Навстречу мечте» чемпионаты өтті. Чемпионат «Бауыржан» жеке қорымен «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның футбол федерациясы және «Цесна банк» АҚ қолдауымен ұйымдастырылды.
    Мамыр айында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының және Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйінің командалары іріктеу турында қатысты. Ойын қорытындасы бойынша VI чемпионатының финал ойындарында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының командасы қорытынды кезеңде облыстың намысын қорғау құқығына ие болды.
     Финал ойындарына тәрбиеленушілер Алматы қаласына маусым айында шықты. Қорытынды ойындарына барлығы республиканың 9 балалар үйі қатысты.
    Біздің команда Ақтөбе қаласының «АДД» және Қарағанды қаласының «Факел» командасын жеңіп, ¼ финалда Семей командасынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
    Барлық финалдық ойындар бойынша балалар ауылының командасы III жүлделі орын алды. Чемпионат қатысушылары дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
    Сондай-ақ, чемпионаттың қазылар алқасы Илья Долинскийді «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясымен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер