Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Мағжан ақынның еліндегі павлодарлық оқушылардың жетістіктері

IMG-20180625-WA0023

    Ақын Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Сарытомар ауылында 2018 жылғы 22-24 маусым күндері республикалық «Мағжан оқулары» өткізілді. Ақынның 125 жылдығын арналған іс-шараға еліміздің 14 облысынан 45 оқушы қатысты.
   Өңірімізден облыстық кезенінің жеңімпаздары – 3 оқушы жіберілді: «Толқынмен толқын сырласып...» - ақынның шығармашылығы бойынша зерттеу жұмысын қорғау бағытында Павлодар қ. №37 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Галлямова Данеля,«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған...» - жас ақындар бағытында Лебяжі ауданы Қазы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кабылова Айдана және «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім...» бағытында Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 7 сынып оқушысы Мұрат Нұрдаулет.
      Республикалық конкурс қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен (нетбук) Галлямова Данеля, ІІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен (планшет) Мұрат Нұрдаулет марапатталды.

 

IMG-20180625-WA0018

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер