Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Қазақстанның қасиетті жерлеріне сапар атты республикалық өлкетану акциясы

DSC 0319   

    «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында 10 маусымнан бастап Қазақстанның қасиетті жерлеріне сапар атты республикалық өлкетану акциясы басталды. Павлодар технологиялық колледжінің әкімшілігі 2017-2018 оқу жылының нәтижесі бойынша ең үздік студенттерін Баянауыл ауданының қасиетті жерлеріне сапармен марапаттады. Саяхат сапары «Саят Павлодар» туристік фирмасымен ұйымдастырылған.
    Сапар келесі маршрут бойынша өткен: Торайғыр сақ қорғандары; мұрынмен төбешіктің қалдықтары мен күн белгісімен тас тақталары бар Ертіс даласы көшпенділерінің ғибадатханасы мен мәдени-мемориалды кешені; Кемпіртастың тас қабірлері; Шокин, Айманбұлақ  гроттарының тас мүсіндері; Қызылқия тас мүсіні және басқалары.
     Бәрімізге мәлім, Баянауыл өлкесі – тарихи оқиғаларға толы, табиғат құбылыстары мен қасиетті жерлері айқын айбынды мекен.
     Көптеген елді мекендерден өте келе, студенттердің тарихи жерлермен танысуға  мүмкіндіктері болды.  Аңыздардың біріне сәйкес Қалқаман ауылының көлі ұлы батыр есімімен аталған. Майқайын елді мекені осы жерде өскен жапырақтары майланғандай жарқыраған майлы қайынның атауымен аталған. Сонымен қатар, IX ғасырда ашылған полиметалл рудасы және 1932 жылы ашылып,  бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан «Майқайын-алтын» кәсіпорны.
      Ең алдымен, оқушылар Баянауыл ауылының тарихи-өлкетану мұражайына барды. Туристік гид, Гульмира Отаргалиеваның айтуы бойынша дәл осы жерде, Жасыбай көлінің маңында екі ескі зират бар, онда қазақтың ұлы ханы Кенесарының әжесі мен О. Сүлейменовтың  атасы жерленген. Сонымен қатар С. Торайғыров кесенесі, мәдениет үйі, академик Қ.Сәтпаев мемориалды мұражайына қатысып, даңқты жерлестерінің өмірінен көптеген қызықты мәліметтерді біліп, фотосурет, кітап, ғалымдардың жеке заттарымен танысты.
       Тарих бетін өзгерту сияқты Гульмира Отаргалиева өңірдің маңызды мәдени ескерткіштері белгіленген интерактивті картасын көрсетті. Кемпіртас жартасы қасында орналасқан ұлы дала көздерінің бірі – тасмолин дәуірінің зираттары. Соған қоса дәл жолда орналасқан кейбір қазба жұмыстары басталмаған зираттар да бар.  "Margulan Centre" ПМПУ аймақтық археологиялық орталығы жүргізген қазба жұмыстары туралы туристік гидтің әңгімесі ұмытылмас әсер қалдырды.
Ұлы қазақ ақыны С. Торайғыровтың туған жеріне барғаннан кейін оқушылар салт-дәстүр мен өлке тарихына үңілді.
Экспедиция мүшелерінің айтуы бойынша барлық қасиетті жерлер мемлекет қорғауында болуы тиіс.
      Шаршаған, бірақ өте риза болған оқушылар кешке қарай Павлодар қаласына оралды. Біздің ойымызша, сапардың арқасында студенттер туған жерінің жанды тарихына ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

 

DSC 0205

 

DSC 0214

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер