Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Олимпиадалық резерв мектебі оқушылырының бейіндік лагері

28062018-111

    Павлодар қаласы білім беру  бөлімі  «Павлодар дарыны»  бос  уақытты  қамту  және балалардың    дарындылығын  дамыту  орталығымен   № 7 ЖОМ  25 маусымнан 14 шілде аралығында бейіндік лагерь құрылды. Бейіндік   лагерді  құру мақсаты –оқушылардың жалпы білім беру пәндері  бойынша теориялық  білімдерін тереңдету мен іскерлік пен дағдыларын  практикада  жетілдіру.
    Лагерге 7 – 10-  сыныптың  50 оқушысынан құрылған  «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебінің жаңа қор құрамы және жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық, облыстық олимпиада  жеңімпаздары мен  жүлдегерлері қатысады. Мұнда  олар үшін  жалпы білім беру  пәндері бойынша  екі сағаттық  олимпиадаға дайындық сабақтары  ұйымдастырылады.
    Сабақты ғылым кандидаттары, қаланың  жоғарғы оқу орындарының оқытушылары математика, Қазақстан  тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, биология, химия, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізеді.
    20 - 29  тамыз аралығында Мичурин  ауылының«Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығындағы оқу-жаттықтыру жиынына 6 - 8 сыныптың  зияткерлік  және шығармашылық  олимпиада  жеңімпаздары мен  оқу озаттарынан  құралған  70  аса оқушысы қатысады.
    Ертіс өзені жағасы ментабиғат аясындаоқушылар білімдерін тереңдетіп қана қоймай, денсаулығын шынықтырады, түрлі сауықтыру шараларын қабылдайды, спортпен шұғылданады, қызығушылығы бойынша шараларға қатысып, бір-бірімен араласып, жаңа достар табады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер