Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

«KazRoboProject - 2018» республикалық сайыста бірінші орын

SAM 0137_-_

     Робототехникадан ғылыми-зерттеу және шығармашылық жоба бойынша республикалық сайыстың қорытындысы бойынша «KazRoboProject - 2018» кіші лигада  Павлодар қаласының № 11 мектебінің 5-сынып оқушылары Сыздыкова Айпара мен Малых Артём ең үздік деп танылды.
      Олар  сайыста автоматтандырылған  және жылдам құймақ  пісіру «Pancakebot» роботын таныстырды. Оқушылар арасында жүргізілген зерттеулер бойынша сыныптастарының  90 % таңертеңгі ас ішуге үлгермейді екен. Осы себептен уақытты үнемдеп, жылдам әрі тәтті ыстық құймақ даярлау үшін  құрылғыны жасау идеясы пайда болды.Сайысқа ұсынылған соңғы нұсқаға дейін оқушылар робот бойынша тағы да 3 альтернативтік нұсқа әзірлеген.
     Сайыстың финалдық туры Астана қаласында Назарбаев орталығында өтті. Финалдық сайысқа Қазақстанның әр аймақтарынан үздік деп танылған 26 жоба  ұсынылды.
     Басты критерий - әлеуметтік мазмұнның  қазақстандықтардың өмір сүруін жеңілдетуге бағытталған. Жарыс робототехниканы игеруге, кеңінен таратуға және дамытуға, жеткіншек балалардың шығармашылық және техникалық әлеуетін арттыруға бағытталды.
     Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға робототехника сабақтарында қолдану үшін конструкторлар жинағы тапсырылды. Конкурстың негізгі демеушісі ұлт Көшбасшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры.
    «Біз Республикалық қоғамдық бірлестігіне «Қазақстан білім және спорт Федерациясына робототехника «КазРоботикс» бірлестігіне ынтымақтастық үшін және осы сайысқа баруға көрсеткен көмектері үшін қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына шексіз алғысымызды білдіреміз», - деді сайыс жүлдегерлерінің жетекшісі № 11 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Садыков Рустам.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер