Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Павлодар облысында«Тәлімгерлер мектебі» тренингіне жинақтау жарияланды

 

    Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарлама шеңберінде «Атабек» (Тәлімгерлер) жобасы іске асыралады.  Аталған жоба жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге, өзіндік өмір әлеуетінің ашылуына, үлкендер-тәлімгерлермен арнайы ұйымдастырылған қарым қатынас арқылы жеке өмірде әрекет пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
    Тәлімгерлер – бұл балалар үйіндегі тәрбиеленушілер үшін сенімді дос болуға, жеке тәжірибесі мен білімімен бөлісуге дайын ересек адамдар.
    25 жасқа толған жәнеТәлімгерлер мектебінде білім алған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәлімгер бола алады.  Жобаның ұсынымдар бойынша тәлімгерлердің оқытуын үкіметтік емес ұйымдары өткізу тиіс. Ағымдағы жылы оқыту «Үміт Үзбеу» қоғамдық қорымен ұйымдастырылады.
    Тәлімгерлер мектебінде үміткерлер білікті психологтардың қажетті кеңестерін алады, олар жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері туралы айтып, баламен тиімді қарым қатынас дағдыларын қалыптастыруда көмек көрсетеді. Оқытуы қорытынды бойынша үміткерлерге тәлімгер сертификаты беріледі.
Жобаны іске асыру барысында балалар үйінің әр тәрбиеленушісінде дербес дос және тәлімгер пайда болатыны жоспарлануда. Осыған байланысты, балалар үйі тәрбиеленушілерінің тағдырына салғырт қарамайтын барлық адамдарды «Атабек» (Тәлімгерлер) жобасына қосылуға шақырамыз.
     Тәлімгерлер мектебі оқыту үшін үміткерлерді жинақтауға ашық. Жобаға қосылуға ниет білдіргендерге 87779346458, 87779395225 телефондары арқылы хабарласуға, сондай-ақ өтініштерді (ерікті түрде толтырылады)pavlodar@nastavniki.kz электронды поштасына жіберуге болады.



02072018-99

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер