Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

ПАВЛОДАР-ЕРТІС

MyCollages

 

 

    2018 жылғы 20 маусымда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ертіс ауданының М. Горький мектебі базасында «ПАВЛОДАР-ЕРТІС» «Бір күн ауылда, бір күн қалада» атты іс-шара өткізілді.
    М.Горький  мектебінің оқушылары Венера Мусагитова мен Злата Дымова экскурсия жүргізді, мектеп тарихы туралы баяндап берсе, мектеп педагогтары арқан тоқу процесі мен жылқыға арналған құрылғыны көрсетті.
    Оқушылар қойларды қырқу, жүнін түту, қой жүнінен жасалған бұйымдарды, қазақтың ұлттық құрақ көрпесін тігу рәсіміне қатысты. Кездесу концерттік бағдарламамен аяқталды.
    Сондай-ақ лицей оқушылары ұлы ақын Иса Байзақов туған Үлгілі ауылына экскурсия жасады. Балалар Иса Байзақов атындағы мектеп мұражайына барып,  И.Байзақовтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, Ертіс ауданының «Киелі ағаш» қасиетті жерін де көруге мүмкіндік алды.
     Үлгілі аулының тұрғыны Ерболат Нұркенов балаларды өз үйіне қонаққа шақырды. Үйінде ол ұлттық тағам – қоспа, май, қымыздың дайындау тәсілін көрсетті. Соңында қала қонақтарын ат арбамен  серуендетті.  Іс шара лицей оқушыларының көңілінен шықты!

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер