Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І республикалық шығармашылық фестиваліне қатысты

IMG-20180628-WA0086

 

 

     2018 жылғы 28-30 маусым аралығында Астана қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І республикалық шығармашылық фестиваль өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, «Aktif  LIFE» қоғамдық бірлестігі, танымал музыкалық продюсері және қоюшы режиссер Бақытжан Тажиновтың шығармашылық шеберханасы.
     Облысымыздың атынан фестивальға Качиры балалар үйінің, Екібастұз қаласы «Үміт» балалар үйінің және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 31 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар үш жанрда өнер көрсетті: хореография, эстрадалық вокал, көркемдік оқу.
     Фестиваль барысында балалар өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп ғана қоймай, демалуға да үлгерді. Осылайша алғашқы күні балалар үшін Елордамызды аралап, Астананың әсем жерлерімен танысып, экскурсияға барды.
     Қалған екі күн бойы балалар өз номерлерін көрсетті. Олардың өнерлерін, құрамына танымал әртістер, әнші мен хореографтар енген кәсіби қазылар алқасы бағалады. Фестиваль Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды.
      Фестивальдің қорытындысы бойынша балалар белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінен дипломдар,  іс-шараның демеушісі «Aktif  LIFE» мүгедектер қоғамдық ұйымының төрағасы А.К.  Исаковтан сыйлықтар мен тәттілер алды.

 

IMG-20180702-WA0023

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер