Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу

 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, 
жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға
ҚР жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс мәні:

Жергілікті бюджет қаражатынан 2018/2019 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Конкурс ұйымдастырушысы:

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ

Пошталық мекенжайы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 430-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7182) 32-01-61, 32-29-69

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс Павлодар облысы әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ҚР жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу және комиссия құру туралы» №165-ө өкіміне сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша*)

2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша*)

3. 2018-2019 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7-қосымша*).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша (2018 жылғы 28 мамырдағы №231 енгізілген өзгерістермен)

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын kabdrakhmanova.sholpan@pavlodar.gov.kzkab.sholpan@mail.ru электронды мекенжайға жіберу қажет.

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 430-кабинетке жіберіледі.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2018 жылғы 20 - 25 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін (Астана қаласының уақытымен).

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер