Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 22  қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 17 градус, жел 5  м/с

 


 

Ұстаздарға деген қамқоршылық

 

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының биылғы жазғы демалысы өте қарқынды өтуде. Мұндай демалыстарға әлеуметтік әріптестер болып танылатын шипажайлардың, сауықтыру орындарының басшыларымен күз айларынан бастап келіссөздер жүргізу арқылы алдын-ала дайындық жүргізіледі.
2018 жылы 9 шипажай мен профилакторийлерінде және демалыс орындарында 700-ден астам білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлері сауықтырылды.
Жыл сайын оқу жылының аяқталуымен тұспа-тұс келетін емтихандар мен ҰБТ қабылдауларынан соң маусымның соңында жасыбай көлінің аумағында жас педагогтардың жазғы лагері ұйымдастырылады. Бұл шараға облыстық, қалалық, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы Жастар кеңесінің өкілдері қатысады. Аталған лагерьлерге Новосібір облысының жас педагогтары да қатысады. Екі шекаралас облыстық кәсіподақтар өкілдерінің тәжірибе және пікір алмасуы процесі тығыз қарым-қатынаста. Соңғы 4 жыл ішінде өзара делегаттар алмасу тәжірибесі дәстүрге айналды. Биылғы жастар лагері қазақ әдебиеті мен мәдениетіне танымал этнограф, философ, фольклорист және шығыстанушы Мәшһүр-Жүсіптің кесенесіне тағзым етумен басталды. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында бұл сапар жас педагогтар үшін өте маңызды. Келесі екі күн «Мұғалімнің көшбасшылығы – білім берудің трансформациясы» атты аймақаралық форумның бағдарламасымен қарқынды өтті. Себебі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы аясында инновациялық технологиялардың қолданылуымен түрлі семинарлар, тренингтер, түрлі конкурстар мен байқаулар, печа-куча, TED Talks, тимбилдингтер ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жастар өздерінің қызығушылықтарын танытып, көптеген сұрақтары мен сауалдарына жауап алды. Нәтижесінде жас мамандар мен педагогтар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін жоғарыда аталған жаңа форматтағы шараларда белсенді танытты. Қатысушылардың көпшілігі түрлі көптілділік курстарын тәмамдаған, сол себепті «Ағылшын тілінде сөйлейміз!» кеші сол тілде дәріс жүргізетін мұғалімдердің басын қосты. Лагерьдің бағдарламасы спорттық, шығармашылық сайыстарымен де ерекше көзге түсті. Ал Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің аясындағы экскурсия мәңгі жадымызда қалатынына еш күмән жоқ. Тарихи әрі киелі топырақпен етене танысып, көз алдымызға Қазақстан тарихындағы «қасық қаны тамғанша» туған жеріне жанын құрбан еткен батырлардың образдарын көз алдымызға елестеттік. Жастар лагері тек қана қызықты уақыт өткізу үшін ғана емес, сонымен қатар аймақаралық байланыстарды орнатып, жастардың педагогикалық қызметін, өзара достық қарым-қатынастарын да нығайту жаңа қарқын алуда.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен төртінші жыл қатарынан облыстағы педагогикалық қызметтегі жоғары нәтижеге қол жеткізген үздік ұстаздарды дәстүрлі мадақтау тәжірибесі жүзеге асуда. Биыл да 16 педагог және кәсіподақ белсенділері Түркия елінің Жерорта теңізі жағалауына тегін жолдамасымен марапатталды.
Жазғы демалыстың маңызды бір бөлшегі ретінде он жыл бойы Жасыбай көлінің маңында ұйымдастырылып келе жатқан «Ана мен бала» бағдарламасын да ерекше атап өтуге болады. Білім беру саласының қызметкерлері мен олардың балаларына арналған спорттық және балалар алаңы бар демалыс орнына жыл сайын 50 ана мен бала барады. Тәрбиелік сағаттар мен демалыс уақыттарын демалушылар қатарындағы волонтер-педагогтар өткізеді. Мұндай шаралар ұстаз ретіндегі ананың беделі баланың алдында тіпті арта түседі.
Кәсіподақ саласында әрбір атқарылатын сауықтыру және демалыс шаралары мониторингілеуді қажет етеді. Себебі кәсіподақ мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстарын назарға алу басты міндет. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Атқару комитетінің шешімімен шілде айының соңында облыстық, қалалық және аудандық филиалдардың қатысуымен сауықтыру орындары мен шипажайларға үш күндік ақпараттық сапар жасалды. Кәсіподақ көшбасшыларына Щучинск және Бурабай көлдерінің жағалауындағы орналасқан шипажайлардың жағдайымен танысу, олардың білім және ғылым қызқметкерлері кәсіподағының мүшелеріне жасайтын жағдайымен танысуға, баға беруге мүмкіндік берілді. Шабақ көл маңында орналасқан «Жасыл орманда», Бурабайдағы «Terrassa Park» отелінде, марал шаруашылығындағы болған іссапардан көптеген ақпараттар жинап, мұғалімдердің, кәсіподақ белсенділері мен көшбасшыларының әрі қарай жағдайын жақсартуға мүмкіндік алып, сонымен қатар шипажай өкілдері де өздеріне деген ілтипаттары мен ұсыныстарына ризашылықтарын танытты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер