Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Ашық есік қүні»

«Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзету     кабинеті» КММ 2018 жылдың 3 қыркүйегінде Павлодар облысы білім басқармасының интернаттық мекемелердің басшысы Баширова Гүлмира Каирбергеновна, "Дара" қорының өкілі Марал Шешембекова, мұғалім - логопедтер, дефектологтар, ЕДШ нұсқаушылары, психологтар, соц.педагогтар, ҮЕҰ, БАҚ  қатысуымен , ата-аналарға, мектеп және мектепке дейін мекемелер мамандарына арналған  « Ашық есік күні»  өтті.     
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мамандары дәстүрлі әдістер мен оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, мастер-класстар өткізді. Педагогтар арнайы білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа технологияларды енгізу және білім беру мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету мәселелерін талқылады. Соның ішінде жұмыста KID және RCDI диагностикалық сауалнамаларының  пайдалану принципі және мақсаты түсіндірілді.
Педагогтар мен ата-аналар еркін жағдайда бірлесе отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына көмек көрсету, одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру  мәселелерін  талқылады.
Осы іс-шараның аясында біз қоғамдық ұйымдар, қорлар, ресурстық орталықтар, демеушілерді - мүмкіндіктері шектеулі балалардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын адамдарды тартқымыз келеді.


 

 

 

Мемлекеттік қызметтер