Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Колледждерді қайта ұйымдастыру туралы

Колледждердің қызмет тиімділігін арттыру мақсатында облыста бірқатар шаралар, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын үлкейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай оқу орындардың ресурстарын ұтымды пайдалануға, контингенттің колледждің жобалық қуатына сәйкес келу проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Ең алдымен, бір профильдегі, яғни мамандықтары ұқсас колледждер қайта ұйымдастырылады. Осылайша ағымдағы жылғы шілде айында құрылыс бағыттағы мамандықтар бойынша кадрларды даярлайтын колледждерді біріктіру рәсімі өткізілді. Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі Павлодар монтаждау колледжіне біріктірілді.
Алдағы уақытта да бірқатар колледждер қайта ұйымдастырылатын болады. Бұл ретте оқу процесі бұзылмайды. студенттер үшін де оқытушылар үшін де ештеңе өзгермейді. Өзгерістердің барлығы колледждердің әкімшілік-шаруашылық және қаржы қызметіне қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер