Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Қоғамдық бірлестіктің алдыңғы қатарлы бағыттарының және қызметінің бірі – ұрпақ сабақтастығы және ардагерлерге қамқорлық

ЖШС «Энергетик» сауықтандыру-шипажайы негізінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі, жыл сайын ардагерлерге сауықтандыру және демалыс жұмыстарын ұйымдастырады.
Соңғы бес жыл аралығында Павлодар обылысында шипажайда тегін демалуға педагогикалық еңбек ардагерлерінің арасында 310 адам мүмкіндік алған.
Ілтипатты дәрігерлер, қызмет көрсетуші персонал, жайлы жағдай, толық тамақтандыру - осының барлығы ардагерлер демалысын, сауығу үрдісін қамтамасыз етуге өз нәтижесін береді.
Ағымдағы жылда ұстаздар күні, еңбек күні және ардагерлер күні мекекелерін тойлау қарсанында, 68 ардагер өз денсаулықтарын жақсартуға және демалуға мүмкіндік алды.
Демалыс бағдарламасына Ертіс өзені жағалауында серуендеу, Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театрына Қарағанды обылының Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының өткізген «Көмекей әулие» спектаклін көруге бару, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған А.П. Чехов атындағы драма театрында – Ф. Достоевскийдің «Идиот» спекталін тамашалау.
Педгогикалық еңбек ардагерлері мен сауықтандыру-шипажайы демалушыларына арнап Павлодар ауданының білім беру бірлестігінің ұстаздары мен оқушылары үлкен мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шипажайда дем алған ардагерлер өз пікірлерінде сауықтыру және демалу жағдайын ұйымдастыру жұмысына жоғары баға беріп, аса ризашылығын білдірді.

Демалушылар ұжымының пікірі:

«Облысымыздың білім беру жүйесінде 45 жыл еңбек етіп, 60-70 жастан артық өмір сүріп, өзіне деген қамқорлықты сезіну неткен керемет! Адамдар өмір бойы білімін, денсаулығын жұмысына құрбан етеді. Шипажайда, демалу үйлерінде, курорттарда демалуға уақыт немесе ақша тапшы болған кездер де болып еді.
Кенеттен біз көп жылдай қызмет еткен білім кызметкерлері кәсіподағынан қоңырау түсіп, 10 күнге шипажайға барып, тегін демалуымызға ұсыныс түскен болатын.
Сені әлі күнге дейін ұмытпағаны, сені құрметтеп, қамқорлық көрсетіп, бағалайтыны жанға жайлы келеді.
Ал енді біз осындамыз, жайлы, жарық, ыңғайлы, таза әрі жылы «Энергетик» сауықтыру-шипажайының ғимаратындамыз. Осы жерде болу және сауықтыру барысында, бізге балшықпен емдеу, циркулярлық құрғақ себезгі, физиоемдеу сияқты тиімді де шипалы процедураларды белгілеген болатын.
Емделуден кейін кешкі бос уақытта біз өлең айтып, би билеп, жас кезімізді еске түсіріп, көңілімізді көтердік. Біздің, демалушылардың арасында талантты еңбек ардагерлері көп екеніне көзіміз жетті.
Ал театрларға баған кезде біздің төбеміз көкке жеткен, өте керемет әсерде болдық. Көбіміз қаламыздағы театрдың табалдырығын бірінші рет аттаған болатынбыз.
Біз үшін шипажайға жолдама ол – ең алдымен бұрынғы әріптестерімізбен кездесіп, араласып, қарым - қатынас жасауға мүмкіндік.
Біз медициналық және қызмет көрсету персоналына атқарған профессионалды жұмыстарына өте үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Облыстық кәсіподақтық бірлестікке, өзім қызмет еткен мектепке қамқорлықтары мен құрметтеріне, назарларынан тыс қалдырмағандарына шын жүректен ілтипатымды және мың алғысымды білдіремін.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер